№200 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Айгүл Максотовна «Әлем Мұғалімі» Жаһандық сыйлығының финалисті атанды » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №200 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Айгүл Максотовна «Әлем Мұғалімі» Жаһандық сыйлығының финалисті атанды
30
июль
2024

№200 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Айгүл Максотовна «Әлем Мұғалімі» Жаһандық сыйлығының финалисті атанды


Қазақстан Мұғалімі Ұлттық Сыйлығының мақсаты - еліміздегі мұғалімдер беделін одан сайын арттыру. Осындай ниетпен біз мұғалімдердің шабыттандыратын оқиғаларымен бөліскіміз келеді.  Отыз жылдық тәжірибесі бар ағылшын тілі мұғалімі, «Қазақстан Мұғалімі» Ұлттық Сыйлығының финалисті, «Әлем Мұғалімі» Жаһандық Сыйлығының финалисті Айгүл Ишанғалиеваны қарсы алыңыздар!

Айгүл Максотовна өз жолын 30 жыл бұрын ағылшын тілін алғаш үйренуді қолға алған кезде бастады. Ұстаздыққа деген шынайы махаббаты мен жеңіске деген құлшынысы осындай биіктерге жетуге көмектесті. Жұмысқа деген назары мен әдепті көзқарасы шәкірттеріне Қазақстандағы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарда жеңіске жетуге көмектеседі.

«Біріншіден, мен өз жұмысымды шынайы жақсы көремін және әрқашан таза көңілмен жеңіске ұмтыламын. Жұмысты таза ниетпен істегенде, алдыңызда мүмкін емес көрінетін қиындық болмайтынына сенімдімін», – дейді Айгүл ханым.

Айгүл Максотовна Ұлттық Сыйлықтың ғана емес, жаһандық сыйлықтың да финалисті. Өзінің үлгісімен Қазақстандағы көптеген мұғалімдерді шабыттандырады және өз білімін әріптестерімен қуана бөліседі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив