01
декабрь
2022
7 – сынып оқушылары аралығында “Жұлдызға жол”атты өнер-білім сайысы өткізілді.

2022 жылдың 1-желтоқсан күні №200 мектеп-гимназиясының 7 – сынып оқушылары аралығында “Жұлдызға жол”атты өнер-білім сайысы өткізілді. Сайысқа әр сыныптан 6-оқушы қатысып, қомандамен жұмыс жасалды. Оқушылар өнер жағынан бәсекеге түсіп, білімдері жағынан сыналды. Сонымен қатар топ мүшелері, мектеп директоры Айнұр Нұрымқызының мадақтамаларымен марапатталды.
Мақсаты: Оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту. Командамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Сонымен қатар әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, ауызбіршілікке бейімдеу. Сайысты ұйымдастырған: Аға-тәлімгер Қошқарбай Әсемай Бақытжанқызы және Өзін-өзі басқару ұйымының премьер министрі Амантай Айша Ғалымқызы.