19
октябрь
2021
Наурызбай Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 5 – 7 сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2021 жылдың 19 қазан күні №200 мектеп – гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Л.Салкинбекова және АӘДТ пәнінің мұғалімі Қ.Жайлаудың ұйымдастыруымен Наурызбай Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 5 – 7 сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дәріс барысында оқушылардың негізгі назары өмір қауіпсіздігі негіздеріне аударылды. Департамент қызметкерлері оларды төтенше жағдайлардың пайда болу себептері мен түрлерімен және оларды жою тәсілдерімен таныстырды. Олар өрттің негізгі себептері мен қауіпті факторлары, тұтану мен өртті жою шаралары, сондай-ақ су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып берді. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын практикалық пайдалану, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мысалдары көрсетілді.