14
октябрь
2021
Наурызбай ауданы білім беру мекемелері арасында


2021 жылдың 13 қазан күні Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберіндегі Халықаралық «Жанашыр» қоры қаладағы Желтоқсан ұйымдарымен бірлесе, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясында Наурызбай ауданы білім беру мекемелері арасында №200 мектеп – гимназиясында «Қасиетті домбыра» атты домбырамен ән айту, күй тарту, «Қыршын кеткен қызғалдақтар» тақырыбында мәнерлеп оқу, көрініс қою шығармашылық байқаулары өткізілді. Байқау нәтижесінде :«Қыршын кеткен қызғалдақтар» тақырыбында мәнерлеп оқу шығармашылық байқауынан №188 мектеп – гимназиясының 8 - сынып оқушысы Ғалымжанқызы Жаная І орын, «Қасиетті домбыра» атты домбырамен ән айту шығармашылық байқауынан №200 мектеп – гимназиясының 10- сынып оқушылары Көлбай Кемел, Әділбек Арлан І орын, «Қасиетті домбыра» атты домбырамен күй тарту шығармашылық байқауынан №176 мектеп – гимназиясының 7-сынып оқушысы Қантбай Шыңғыс І орынды жеңіп алса,«Қыршын кеткен қызғалдақтар» тақырыбында өткізілген көрініс байқауынан №187 жалпы білім беретін мектеп оқушылары І орын иеленді. Байқауға қатысушыларды бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз.