Хабарландыру! » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
апрель
2021

Хабарландыру!


Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

🔹Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады.

🔹Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады.

🔹Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.

🔹Қатысушылар тапсырмаларды кез-келген пәннен бастай алады. Сондай-ақ тестілеу аяқталғанға дейін жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, жауаптарды түзетуге болады. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестелері қолжетімді болады. 

🔹Сонымен бірге тестілеудің 60 минутынан кейін оқушыларға көзге арналған және дене жаттығуларын орындау үшін екі минуттық үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минуттық үзіліс беріледі. 

🔹ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады. 

🔹ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ апелляцияға өтініш бере алады.

Похожие публикации:

06 апрель 2021 Хабарландыру!
05 апрель 2021 Хабарландыру!
24 март 2021 Хабарландыру!
30 сентябрь 2020 Хабарландыру!
29 сентябрь 2020 Хабарландыру!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив