10
декабрь
2020
Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай

Алматы қаласы Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназиясында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 1-11 сыныптар арасында «Білімді ұрпақ - жарқын болашақ» атты ашық тәрбие сағаттары онлайн форматта өткізілгендігі туралы «Алматы ақшамы» атты газетте жарық көрді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы жайлы оқушыларға түсіндіріп, олардың рухани байлығын, білімдерін арттыру.
Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі, «Шығыстың Аристотелі», «Аристотельден кейінгі екінші Ұстаз» деп атаған Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар өздері ізденіп жасаған слайдтарымен онлайн форматтағы сабақты көркейте түсті. Әл-Фараби бабамыздың жасап кеткен ізі қазіргі өскелең ұрпаққа үлгі ғана емес, сонымен қатар олардың болашақтарына бағыт-бағдар болатынын оқушылар түсіне білді.
«Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы» демекші, бүгінгі күннің, қазіргі жаһандану дәуірінің, басты талабы – өркениетті қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу.