№200 мектеп - гимназия директоры Айнұр Нұрымқызы » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2020

№200 мектеп - гимназия директоры Айнұр Нұрымқызы

         Алматы қаласындағы №1 қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сынып оқутышысы» біліктілігін алып (1996-2000жж.), Абай атындағы Ұлттық педагогика университетінің «Тарих, құқық және экономика» мамандығын игерді (2003-2006 жж.).

         Алматы қаласы Алмалы ауданы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда бастауыш сынып мұғалімі (2000-2006 жж.), директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2006-2011жж.), Әуезов ауданы №139 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2011-2013жж.), Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепте директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды (2011-2013жж.).

       Алматы қаласы Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназиясының директоры, зерттеуші біліктілік санатындағы ұстаз, «Білім кілті – мектепте» кітабының авторы (2019 жыл), «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған «Мәңгі ел – Қазақстаным!»  ғылыми-практикалық конференциясында шәкірттерінің ғылыми жобаларына жетекшілік еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған, «Шебер Педагог – 2019»  ІІ халықаралық байқауына «Ең үздік баяндама» номинациясы, І орын иегері, Республикалық «Ізденіс жолы» ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналына мақаласы жарияланды (2019 жыл).


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив