Іс-шаралар » Страница 5 » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қалдық өнімдерге екінші өмір сыйлау» байқауы ұйымдастырылып, жүлделі орындармен марапатталды.
14
февраль
2023
«Қалдық өнімдерге екінші өмір сыйлау» байқауы ұйымдастырылып, жүлделі
«Жасыл мектеп» экожобасы аясында  биология пәні мұғалімі А.Д.Елеуова мен Ұ.Дабылованың ұйымдастыруымен 1-10 сыныптар арасында «Қалдық өнімдерге екінші өмір сыйлау» байқауы ұйымдастырылып, жүлделі орындармен марапатталды.  Мақсаты: Экомәдениет пен қоршаған ортаны қорғауға баулу. Табиғатты аялауға үйрету. Қоршаған ортаға мейіріммен қарауға, таза ұстау мен табиғатты қорғауға экологиялық тәрбие беру.
«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты эссе байқауы өткізілді.
01
февраль
2023
«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты эссе байқауы
2023 жылдың 1 ақпан күні №200 мектеп-гимназиясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының белсенді мүшелері арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты эссе байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар мектеп директоры А.Нұрымқызының мадақтамасымен марапатталды. Ұйымдастырған: Аға-тәлімгер Әсемай Бақытжанқызы және Өзін-өзі басқару ұйымының Ақпарат министрі Дуйсенбай Айдана.
Салтанатты жиынды Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы С.А Кусаинова ашып олимпиадаға қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.
30
январь
2023
Салтанатты жиынды Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы С.А
Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 30 қаңтар күні Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының 09.11.2022 жылғы №328-22 жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданы өткізу туралы» бұйрығына сәйкес олимпиаданың аудандық ІІ-кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы С.А Кусаинова ашып олимпиадаға қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.
"Қош келдің - Жаңа Жыл!" тақырыбында 1 - 4 сынып оқушылары арасында мерекелік кеш өткізіліп, оқушыларымыз шаттыққа бөленді.
27
декабрь
2022
"Қош келдің - Жаңа Жыл!" тақырыбында 1 - 4 сынып оқушылары арасында
2022 жылдың 27 желтоқсан күні "Қош келдің - Жаңа Жыл!" тақырыбында 1 - 4 сынып оқушылары арасында мерекелік кеш өткізіліп, оқушыларымыз шаттыққа бөленді. Сіздерді келе жатқан Жаңа 2023 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Баршамыз жаңа 2023 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2023 жыл Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдаулетпен кездесу кеші өтті.
15
декабрь
2022
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағының төрағасы,
2022 жылдың 14 желтоқсан күні #200 мектеп - гимназиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдаулетпен кездесу кеші өтті.  Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық, патриоттық  сезімін қалыптастыру. Отанға адал қызмет етуге, адалдық пен адамгершілікті ардақтап, өтірік айтпауға, шыншыл болуға тәрбиелеу. Жас өрендеріміз ақын ағамыздың жауһар жырларын жатқа оқып, жыр өнерімен сусындатты.
"Тамыры терең, тұғыры биік-тәуелсіздік!" атты мерекелік кеш өткізілді.
15
декабрь
2022
"Тамыры терең, тұғыры биік-тәуелсіздік!" атты мерекелік кеш өткізілді.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін ерекше мереке деп білеміз. Себебі, осынау қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсады. Бұл күннің оңайлықпен келмегенін бүгінгі ұрпақ ұмытпауы тиіс! Айтулы мерекеге орай 2022 жылдың 15 желтоқсан күні #200 мектеп - гимназиясында оқушылардың қатысуымен "Тамыры терең, тұғыры биік-тәуелсіздік!" атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір
"Биле, биле жас талант! "  тақырыбында  би байқауы өткізілді.
14
декабрь
2022
"Биле, биле жас талант! " тақырыбында би байқауы өткізілді.
2022 жылдың 14 желтоқсан күні  балалар жылына орай,  8 - сыныптар арасында "Биле, биле жас талант! "  тақырыбында  би байқауы өткізілді. Мектебімізде оқушылардың терең білім алып қана қоймай, тұлға ретінде қалыптасып, бойларында тұнып тұрған таланттарын ашуға да мүмкіндіктері бар. Мектепте ұйымдастырылған “Биле, биле жас талант! ” байқауы сондай жастарды анықтауға үлкен мүмкіндік жасайды. Жүлделі орын алған оқушыларымызды құттықтаймыз.
"Eco Network" ұйымының өкілдері келіп, "Жасыл мектеп" жобасы бойынша  эко-белсенді оқушылармен кездесу өткізілді.
14
декабрь
2022
"Eco Network" ұйымының өкілдері келіп, "Жасыл мектеп" жобасы бойынша
2022 жылдың 14 желтоқсан күні #200 мектеп-гимназиясына "Eco Network" ұйымының өкілдері келіп, "Жасыл мектеп" жобасы бойынша  эко-белсенді оқушылармен кездесу өткізілді. Семинар мақсаты: оқушыларға экоқозғалыс аясында мектепке "Эко жәшіктер" орнату және сол арқылы қалдық заттарға екінші өмір сыйлау. Осы істің мектебімізде жандануы үшін   белсенді оқушылар мен еріктілер клубы белсенді жұмыстар атқаратын болады. Алдағы уақытта оқушылар қоқыстарды сұрыптап, оларды қайта өндіруге  атсалысып,
«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында ашық  тәрбие сағаттары өткізілді.
13
декабрь
2022
«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында
Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігінің 31  жылдығы» мен «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 36 жылдығына» орай 2022 жылдың 13 желтоқсан күні №200 мектеп – гимназиясының 1 – 11 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында ашық  тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына
“Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры ” тақырыбында эссе байқауын өткізді.
07
декабрь
2022
“Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры ” тақырыбында эссе байқауын
2022 жылдың 9 желтоқсан күні #200 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.А.Жаксылыкованың ұйымдастыруымен 9- сынып оқушылары арасында “Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры ” тақырыбында эссе байқауын өткізді. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету;  -