Іс-шаралар » Страница 2 » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу жолдары» тақырыбында  адалдық  сағатын өткізді.
21
ноябрь
2023
«Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу жолдары» тақырыбында адалдық
2023 жылдың 21 қарашасы күні №200 мектеп-гимназиясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің магистранты Базартаева Еркеназ Базартайқызы  10 «В» сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу жолдары» тақырыбында  адалдық  сағатын өткізді.  Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу  жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру;     Өсіп келе жатқан ұрпақты тұрақты даму мақсаттарын қалыптастыруға тәрбиелеу, септігін тигізу. Соның ішінде
«Еркін тыныс ал!» Жалпыреспубликалық флешмобқа 2023 жылдың 20 қараша күні №200 мектеп – гимназиясының 10 сынып оқушылары қатысты.
20
ноябрь
2023
«Еркін тыныс ал!» Жалпыреспубликалық флешмобқа 2023 жылдың 20 қараша
«Еркін тыныс ал!» Жалпыреспубликалық флешмобқа 2023 жылдың 20 қараша күні №200 мектеп – гимназиясының 10 сынып оқушылары қатысты. Флешмобтың мақсаты: балалардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдау, вейпингтің зияны, оның ағзаға тигізетін кері әсері, адамның жалпы хал-жайына, көңіл-күйіне және өмірлік белсенділігіне теріс әсер ету туралы  деңгейін арттыру.  @kusainova.s.a @otdel_obrazovaniya_nauryzbay #еркін тыныс ал #біз темекі шегуге қарсымыз  #дышыисвободно #мы против крения
«АЛТЫН САҚА» ЧЕЛЛЕНДЖІ негізінде «БЕС АСЫҚ», «БЕС ТАБАН»  асық ату ұлттық ойыны 2023 жылдың 17 қараша күні №200 мектеп – гимназиясында  өткізіледі.
17
ноябрь
2023
«АЛТЫН САҚА» ЧЕЛЛЕНДЖІ негізінде «БЕС АСЫҚ», «БЕС ТАБАН» асық ату
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ұйымдастыруымен «АЛТЫН САҚА» ЧЕЛЛЕНДЖІ негізінде «БЕС АСЫҚ», «БЕС ТАБАН»  асық ату ұлттық ойыны 2023 жылдың 17 қараша күні №200 мектеп – гимназиясында  өткізіледі.
25 қазан Республика күніне арналған “Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!” атты мерекелік іс шара өтті!
24
октябрь
2023
25 қазан Республика күніне арналған “Мәңгілік жаса, қыран елім
Наурызбай ауданы, №200 мектеп-гимназиясында 25 қазан Республика күніне арналған “Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!” атты мерекелік іс шара өтті!Мақсаты:- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. - Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу. Жетекшілер: Жалгасбаева У. Салкинбаева А. Манапбаева Г.
"Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында 5-7 және 9-сыныптар арасында эссе жазу байқауы өтті.
24
октябрь
2023
"Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында 5-7 және 9-сыныптар
2023 жылдың 23 қазанында #200 мектеп-гимназиясында Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында 5-7 және 9-сыныптар арасында эссе жазу байқауы өтті.  Мақсаты:   оқушыларға  ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап, мақтан етуге тәрбиелеу.
25 - қазан Республика күніне орай,  мектеп ұжымы Ту көтеріп, Гимн орындады.
23
октябрь
2023
25 - қазан Республика күніне орай, мектеп ұжымы Ту көтеріп, Гимн
Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. 25 - қазан Республика күніне орай,  мектеп ұжымы Ту көтеріп, Гимн орындады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
«Қазақстан менің-Отаным» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
20
октябрь
2023
«Қазақстан менің-Отаным» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
25 қазан – Республика күніне орай, 2023 жылдың 20 қазан күні №200 мектеп – гимназиясының  9 сыныптар арасында «Қазақстан менің-Отаным» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларды туған жерін, туған елін ардақтап өтуге үйрету; бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру; Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
"Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік" тақырыбында іс -шара өткізілді.
28
сентябрь
2023
"Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік" тақырыбында іс -шара
2023 жылдың 27 қыркүйек күні  #200 мектеп - гимназиясының  4 сынып жетекшілері М.Батырбекова, А.Бекмаганбетова, С.Икатова, Ж.Смайлованың ұйымдастыруымен "Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік" тақырыбында іс -шара өткізілді. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жолда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай
«Құқық бұзушылықтың алдын алу»   мақсатында 5 – 11 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді.
25
сентябрь
2023
«Құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында 5 – 11 сынып ұлдарына
№200 мектеп – гимназиясы бойынша 2023 жылдың 25 қыркүйек күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.С.Рахманбердиевтің ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу»   мақсатында 5 – 11 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді.  Мақсаты:   оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
'Testter kz' платформасы арқылы компьютермен  5-11 сынып оқушылары арасында барлық негізгі пәндерден "Кіріс бақылау" алынды.
20
сентябрь
2023
'Testter kz' платформасы арқылы компьютермен 5-11 сынып оқушылары
#200 мектеп -гимназиясында  18-20 қыркүйек аралығында  білім алушылардың  білім деңгейін анықтау мақсатында мектепішілік бақылаудың жоспарына сәйкес 'Testter kz' платформасы арқылы компьютермен  5-11 сынып оқушылары арасында барлық негізгі пәндерден "Кіріс бақылау" алынды.  Қорытындысы бойынша әрбір оқушының олқылықтары анықталып, мониторинг жасалып, пән мұғалімдері қатемен жұмыс жүргізуде. Бұл платформамен жұмыс жасау тиімді болды.