«Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» атты тақырыбында 1 – 11 сынып оқушылары арасында ата –аналар жиналысы » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» атты тақырыбында 1 – 11 сынып оқушылары арасында ата –аналар жиналысы
24
сентябрь
2020

«Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» атты тақырыбында 1 – 11 сынып оқушылары арасында ата –аналар жиналысы


2020 жылдың 17 қыркүйек күні «Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» атты тақырыбында 1 – 11 сынып оқушылары арасында ата –аналар жиналысы қашықтықтан ZOOM бағдарламасы арқылы  өтті. Санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 1-11 сынып бойынша онлайн режимде бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Отандық «Сфера» және «Onlinemektep» платформаларының мүмкіндіктер мен жұмысы туралы толық таныстырылды. Сонымен қатар мектеп психологы ата-аналарға балалардың көңіл күйін қалыптандыру және сабаққа деген ынтасын жоғарлату жөніне кеңестерін берді. Барлық сыныптың   ата-аналары белсенді қатысты. Сынып жетекшілер ата-аналарға түсіндірме жұмыстар, қашықтан оқыту кезінде  баланы мәжбүрлеу жүйесінің артта қалғанына сендіруге тырысу, ата-анаға үлкен жауапкершілік артып отырғанын, қашықтан білім алу әр ата-ананың өзінің құндылықтары екенін ерекше атап өтті. Ата-аналардың басты мақсаты-балаға жауапкершілікті түсінуге көмектесу және қашықтан оқу дағдыларын меңгеру үшін барынша қолайлы жағдай жасау керектігіне назар аудартты. Балаларға арналған жаттығулар түрлері аталды: дене шынықтыру минуты; керемет дене шынықтыру минуты; көңілді жаттығу; сколиоздың алдын алу; әсерлі би аэробикасы, 5 минуттық би.  Оқушылардың оқу күнін ұйымдастыру, оқушылардың оқу жетістектірін бағалау, оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжамды көлемі  бойынша ұсыныстарда айтылды. Ата-аналардың басты міндеті –балалардың оқуға деген қызығушылығы жоғалмауы үшін қашықтан оқыту үрдісін ыңғайлы, қолайлы етіп жүргізу туралы ақпараттар берілді. Компьютер мен интернетті қауіпсіз пайдалану бойынша ұсынымдарын орындалуын бақылауда ұстауын жеткізді. Балалардың жауапкершілігі туралы, кестеге сәйкес қашықтан өткізілетін сабақтарға қатысу, оқу тапсырмаларын күн сайын өз бетінше орындау, орындалған оқу тапсырмаларын мұғалімге жіберу туралы ата-аналарға ұсыныстар берілді. Сынып жетекшілер ата-аналарға кеңес,  балалардың интернет жүйесіндегі жұмысын бақылауға алу, өз баласына үлгі болуға ерекше назар аударды. Бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы онлайн түрінде өз деңгейінде өткізілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив