2023-2024 оқу жылының жыл қорытындысы бойынша мектеп ұжымы елеулі табыстарға жетті. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023-2024 оқу жылының жыл қорытындысы бойынша мектеп ұжымы елеулі табыстарға жетті.
25
декабрь
2023

2023-2024 оқу жылының жыл қорытындысы бойынша мектеп ұжымы елеулі табыстарға жетті.


Алматы қаласы Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназияның 2023-2024 оқу жылының жыл қорытындысы бойынша мектеп ұжымы елеулі табыстарға жетті. Халықаралық мұғалімдер күні қарсаңында  Алматы қаласы   Наурызбай ауданы "№200 мектеп-гимназия КММ" ұжымы ҚР Оқу -ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының Алғыс хатымен марапаттады.  Алматы қаласы Білім басқармасының  "Менің Отаныма-менің бастамам" атты шығармашылық жобалар байқауының Республикалық кезеңінен 1 оқушы 2-орын, жаратылыстану- математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінде 11- сыныптың 4 оқушысы 1 орынды, ал қалалық кезеңінде 1 оқушы 1 орынды, Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен 8-9 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық география пән олимпиадасының қалалық кезеңінде 1оқушы 3 орынды алды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері А.Миразова атындағы математика пәнінен қалалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 9- сыныптың 2 оқушысы  II Дәрежелі диплом, ал «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық конкурсында «Кішкентай Отанымның символы» номинациясынан 1оқушы 3 орынды жеңіп алды. 2022-2023 оқу жылында 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» жоба жарысының Республикалық кезеңінен 1 оқушы 1 орын, 2022-2023 оқу жылында осы жоба бойынша 6 оқушы 1 орынды жеңіп алды. 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Махамбет оқулары» аудандық кезеңінде 3 оқушы жүлделі орынға ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңінде  10- сыныптың 2 оқушысы 1 орын  және  2 орын иеленді. 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде 41 оқушы жүлделі орынды жеңіп алды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив