«Физика мен биология сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өтті. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Физика мен биология сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өтті.
08
февраль
2023

«Физика мен биология сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өтті.



2023 жылдың 8 ақпан күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №200 мектеп-гимназиясында Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми- әдістемелік орталығымен бірге «Физика мен биология сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер»  тақырыбындағы қалалық  тәжірибелік семинар өтті. Семинар жұмысының мақсаты- Оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологияларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. Алматы қаласына қарасты, жалпы білім беру ұйымдарының физика, биология пәні  мұғалімдері және қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы оқу бөлімінің әдіскерлері   Н.Б.Жакыпова,  Б.Б.Әлімбекова семинар жұмысына қатысты.
Семинар жұмысын ұйымдастырушы: модераторлар: Нұрымқызы А. №200 мектеп-гимназия директоры, п.ғ. магистрі,  Закирьянова Р.А., №200 мектеп-гимназия директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Озық педагогикалық тәжірибе алмасу- бірыңғай шығармашылық инновациялық кеңістік орнатудың маңызды факторы, тақырыптық интерактивті алаң. Практикум, кәсіптік бағдар-мамандық таңдаудың жолы, «Қоршаған ортаны қорғау телекөпір: визуализациялау, саналы тұтыну дағдыларын дамыту», еркін микрофон (Қорытындылау. Кері байланыс) осындай жұмыстар семинар барысында ұсынылды. Қатысушылар семинар жұмысын жоғары деңгейде өтті деп бағалады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив