Р.А. Закирьянованың ұйымдастыруымен «Кенесары Хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси ахуалы» тақырыбында вебинар өтті. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Р.А. Закирьянованың ұйымдастыруымен «Кенесары Хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси ахуалы» тақырыбында вебинар өтті.
27
январь
2022

Р.А. Закирьянованың ұйымдастыруымен «Кенесары Хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси ахуалы» тақырыбында вебинар өтті.


Наурызбай ауданы № 200 мектеп –гимназияда 26 қаңтар күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.А. Закирьянованың ұйымдастыруымен «Кенесары Хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси ахуалы» тақырыбында вебинар өтті. Р. А. Закирьянова алғы сөзінде: Кенесары Хан десе елең етпейтін қазақ жоқ! Ол түсінікті де, өйткені,– өшпес өршілдігімен, қайтпас қайсарлығымен, ел есінде мәңгі қалған. Кенесары Қасымұлы – мемлекет қайраткері, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, ірі мәмілегер, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, дарынды әскери қолбасшы. Елімізде қазіргі уақытта Хан бейнесі – қазақ  тәуелсіздігінің ұранына айналғанын атап өтті. Вебинар модераторы №200 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Баянбаева Гульфия Нурмуратовна тарих сабағында Кенесары Ханның саяси портреті мен Қазақ хандығы тұсындағы рөлін оқушыларға жетік түсіндірудің әдістерімен бөлісті. Вебинар соңында аудан тарихшылары мен әдіскерлерімен кері байланыс жүргізілді. Вебинар ұтымды өтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив