02
сентябрь
2023
«Жол тәртібін сақтайық!» атты тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
№200 мектеп – гимназиясы бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйек күні
«Оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен жол-қауіпсіздік оқиғаларының алдын алу» мақсатында Наурызбай АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Еділбаев Асет Саматұлы 1 – 4 сынып оқушылары арасында «Жол тәртібін сақтайық!» атты тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жолда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.