"№200 мектеп-гимназия" КММ -де «Мектепке жол» Республикалық акциясы басталды. Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "№200 мектеп-гимназия" КММ -де «Мектепке жол» Республикалық акциясы басталды. Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
30
июль
2022

"№200 мектеп-гимназия" КММ -де «Мектепке жол» Республикалық акциясы басталды. Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.


Алматы қаласы Наурызбай ауданы "№200 мектеп-гимназия" КММ -де «Мектепке жол» Республикалық акциясы басталды.
 Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
 Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
 Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
 Акция 2022 жылдың 1 тамызынан 2022 жылдың 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
 Акцияға ат салысуға мұғалімдерді, жеке кәсіпкерлерді және т.б  шақырамыз. Жақсылық жасап жарысайық!
 
 Көмек қолын созу немесе көмекке мұқтаж болсаңыз төмендегі нөмірге хабарласыңыз.
Әлеуметтік педагог: С.А.Айсауытова - 87074586744 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив