«Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» атты тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №200» Управления образование города Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№200 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 265-56-22
Есеп бөлімі:
+7(727) 265-56-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» атты тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
29
декабрь
2021

«Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» атты тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.


Тәжірибе көрсеткендей, балалар мен ересектер үшін жылдың қыс мезгілі жарақат алудың, өрттің жиі болатын қауіпті кезеңі болып табылады. Осыған байланысты, қыс мезгілінде балалардың жарақат алуын болдырмау мақсатында 2021 жылдың  29 желтоқсан күні 1 – 11 сынып оқушылары арасында «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» атты тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Танымдық сабақ барысында оқушыларға қыс кезеңіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары туралы толықтай айтып беріп, қатты бұрқасын, қар жауу және көктайғақ жағдайында не істеу керек және үсуді қалай болдырмау керектігін түсіндіріп берді. Түсіндірме жұмыстарының тақырыбын ашу және оқыту барысында оқушылардың неғұрлым жақсы қабылдауы үшін слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді. Басты назар мұзда өзін қалай ұстау керектігіне және ондағы балалар ойынының қауіптілігіне жасалды.
     Қауіпсіздік шараларын әрдайым орындау - балаларға қалыптасқан жағдай болуы керек, ал ол үшін шұғыл жағдайдан аман шығудың тиімді жолдарын дер кезінде айту мен қауіптен сақтандыруымыз аса маңызды.

Мақсаты: Оқушылардың қысқы демалыс кезінде сақтауға тиіс қауіпсіздік 

ережелерімен таныстыру, өмір қауіпіздігі туралы сауаттылығын арттыру, жауапты болуға мұқият және сақ жүруге тәрбиелеу.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив